ӘКЕ – БӘЙТЕРЕГІМ, ҰЛЫМ – МҰРАГЕРІМ
2024 жылдың 20 қаңтар күні кезекті дәстүрлі отбасы құндылығының мән-маңызын арттыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Әке – бәйтерегім, ұлым – мұрагерім» атты волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
Спорт шаралары мұнымен түйінделген жоқ. «Үштік одақ: мектеп + ата-ана + оқушы» жұмысы аясында мектеп ауласында «Шаңғы теуіп шынығайық!» атты жарыс өткізілді. Айнала қыс қызығы – қарға толған әдемі мезгілде өзара сынға түскен, уақытқа жарысқан, жеңіске жеткен ата-аналар мен балалар алғыс хатқа ие болды.
#білімбасқармасы
#астанақаласыныңәдістемелікорталығы
#астанадарыныорталығы
#оқуағарту_министрлігі