ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ БОС УАҚЫТ
2025 жылдың 24 желтоқсан күні мектеп парламентінің ұйымдастыруымен сұрақ-жауап айдарының кезекті шығарылымы «Жасөспірімдер және бос уақыт» тақырыбында өтті. Шара барысында мектебіміздің 5–6 сынып оқушылары өздерінің бос уақыттарын қалай тиімді әрі пайдалы өткізетіндері жайлы ойларымен бөлісті. Оқушылар кітап оқу, спортпен айналысу, шығармашылықпен шұғылдану, достарымен уақыт өткізу сияқты әдеттері туралы ашық әңгімеледі. Бұл кездесу жасөспірімдерді уақытты дұрыс жоспарлауға, бос уақыттың қадірін түсінуге және пайдалы әдеттер қалыптастыруға бағытталды.
Бос уақыт – өзіңді дамытуға берілген мүмкіндік! ✨
