УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ
2025 жылдың 22 желтоқсан күні мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Уақытты дұрыс пайдалан» тақырыбында пайдалы үзіліс уақыты өткізілді. Шара барысында 5–7 сынып оқушылары кезектесіп шахмат ойнап, берілген 20 минуттық үзілісті тиімді әрі қызықты өткізді.
Бұл үзіліс тек демалыс қана емес,
🧠 ойлау қабілетін дамытуға,
🎯 уақытты жоспарлай білуге,
🤝 бір-бірімен мәдени қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Осындай мазмұнды үзілістер оқушылардың зейінін арттырып, уақытты бағалауға үйретері сөзсіз.
Пайдалы үзіліс – сапалы күннің бастауы!





