Skip to content

Абайлаңыз жалған смс! 📌Бүгін мектебіміздің орта буын яғни 5-7 сынып…

Абайлаңыз жалған смс!

📌Бүгін мектебіміздің орта буын яғни 5-7 сынып оқушыларымен аймақтық полиция инспекторы Бимжанов Даурен Талғатұлы кездесу өткізді. Кездесуде полиция инспекторы оқушыларға қауіпсіздік шаралары туралы баяндап,соңғы кезде оқушылар арасында кең тарап жатырған әлеуметтік желідегі (смсты 20 адамға тарат болмаса қиындыққа тап боласың) деген мәтіндегі жалған смс хабарламалар туралы ақпарат беріп,осындай жалған жазбалар оқушылардың психологиясына әсер ететіні жөнінде оқушыларға түсіндірді.

Егер осындай жалған смс хабарлама алған жағдайда үрейге бой алдырмай,ата-анасына,ұстаздарына дереу хабарлау керек екені айтылды. Сонымен қатар Даурен Талғатұлы оқушыларға түнгі уақытта жүрмеу,бөгде адамдардың көліктеріне мінбеу,бейтаныс адамдардың ұсынған заттарын алмау керек екені ескертілді.

📌Құрметті ата-аналар балаларыңыздың телефонын әр-кез бақылауда ұстап,жиі тексеріп,қандай әлеуметтік желіде көп отырады? ол жерде кімдермен араласады? қандай ойындарға әуестігін әрқашан бақылаудан шығармауларыңыз сұралады!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *