«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ»
Қол күресі спорты ежелден бері қызық әрі қиын спорт түрі болып табылады. Қазірде Армрестлинг атымен кең тараған бұл спорт түріне қызығушылық танытатын жастар саны артып келеді. Осы спорт түріне қызығушылық танытып, жақсы көретін оқушыларда мектебімізде аз емес. Осы орайда 2024 жылдың 11 қаңтар күні мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары арасында «Күшіміз бірлікте» атты қол күресі сайысы өтті. Аталған сайыс мақсаты оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтына баулу сондай-ақ бірлікке,татулыққа,достыққа шақыру .Күштілілікпен,ұтқыр әдісті керек ететін сайыста 8 сынып оқушылары арасында сол қолмен күш сынасу нәтижесі бойынша жүлделі ІІІ орынды Ибрахим Ислам, ІІ орын Оспан Ерасыл, І орынды Ергенбай Мирас иеленсе, оң қолмен күш сынасу нәтижесі бойынша ІІІ орын Шахзодаев Рашит, ІІ орын Токишев Дияс, І орынды Зинулла Дінмұхаммед иеленді. Сонымен қатар 9-10 сыныптар бойынша Сол қолмен күш сынасу нәтижесінде жүлделі ІІІ орын Аманай Әділхан, ІІ орыны Абиртилла Азамат, І орын Арынгазин Әділхан иеленсе, ал оң қолмен күш сынасу нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Мусаханов Нұрәлі, ІІ орын Шагиров Әмірхан, І орын Димашов Аманәлі иеленді. Барлық жеңімпаз оқушыларымыз жеңістеріне сай тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ қол күресі сайысын өткізуге қосқан үлесі үшін мектебіміздің 9 сынып оқушысы Серік Абзал және денешынықтыру пәні мұғалімі Омаров Айдынға арнайы сайыстың мадақтама қағазы табысталды. Айбынды да, жігерлі жастарымыз көп болсын!!!!!
#қолкүрес🇰🇿🇰🇿🇰🇿