МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
Мектебіміздің 7 “А” сынып оқушысы Тукенова Диляра Жезқазған қаласында өткізілген республикалық кекушинкай каратэ жарысынан жүлделі І орынды иеленді. Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының шешімімен каратэ-до кекушинкайдан ҚР спорт шеберіне кандидат куәлігіне ие болды. Бала кезінен спортты серік еткен Диляра қалалық,республикалық жарыстардың жеңімпазы. Жас спортшымызды құттықтаймыз!