«Бақытты балалық шақ» 6 сыныптар арасындағы футзал турнирі
Бүгін 2024 жылдың 3 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың қыс мезгіліндегі демалыс уақыттарын қызықты да тиімді өткізу мақсатында 6 сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» атты шағын футбол турнирі өтті. Аталған турнирге мектебіміздің 6 сыныптарынан барлығы 8 команда қатысып,бақтарын сынады. Тартысқа толы жарыс нәтижесі бойынша жүлделі ІІІ орынды 6 «Д» сыныбының «Барыс» командасы, ІІ орынды 6 «А» сыныбының «Достар» командасы иеленсе, ал турнирдің жүлделі І орынын 6 «Е» сыныбының «Dream team» командасы жеңіп алды. Сондай-ақ ойында шеберліктерімен көзге түскен ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» сияқты номинацияларымен марапатталды.
#футзал⚽️