ЗЕРДЕ КОНКУРСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының мектепішілік кезеңінде барлығы 13 оқушы жобаларын қорғады. Оның 9-ы сараптамадан өтіп, қалалық кезеңге қатысты.
«Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен өтілген қалалық кезеңінде Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Саркынтай Ералхан «Пластик қалдықтарына жаңа өмір сыйлау» тақырыбындағы жобасынан 2- орын (жетекші мұғалімі: Зейнуллина Г. Қ.), 4-сынып оқушысы Табиғат Маржан «АКТ арқылы оқушылардың медиасауаттылығын дамыту» тақырыбындағы жобасынан 2- орын (жетекші мұғалімі: Сакеева С.С), 3- сынып оқушысы Бөкенбай Әбілқайыр Ғабитұлы «Ауа және оның құпиялары» тақырыбындағы жобасынан грамота (жетекші мұғалімі: Нурхина А. Н.) 6-сынып оқушысы Болат Ақмарал «Музыканың тірі ағзаларға әсері» тақырыбындағы жобасынан 3-орын (жетекші мұғалімі: Атчибаев Қ. С) иеленді. 5 қатысушыға сертификат берілді.
Мектеп директоры Уйсимбаева Сәуле Амангельдиновна салтанатты сап түзеген оқушылар арасында жеңімпаздар мен жетекші мұғалімдерін құттықтап, ғылым жолындағы ақыл-ой еңбектерін балдырғандарға үлгі етті.