Skip to content

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ 2023 жылдың 12…

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫ

2023 жылдың 12 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде тәуелсіздік мерекесіне орай 1-11 сынып оқушыларында «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты бірыңғай патриоттық онлайн форматта тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені, егемендік үшін ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша айқасып, бейбіт күн үшін күрескен ерліктері туралы айтылды. Сондай-ақ оқушылар айтулы мерекеге орай тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқыды. Оқушылар оқылған өлеңдер арқылы қазақ үшін ерек мерекені насихаттап, оқушыларды тәуелсіздіктің мәнін теріңірек ұғынуға, бабадан қалған дархан даламызды қадірлеп, сүйе білуге шақырды. Сондай-ақ 7 «Ә» сынып оқушысы Қалабай Нұрсұлтан ҚР Әнұранын домбырада шертіп, басқа да күйлерді ойнап өз өнерін көрсетті.Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды. Тәуелсіздік күні – күллі қазақ үшін ұлы мереке. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық ұстаздар мен ата-аналарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *