Skip to content

ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – УАҚЫТ ТАЛАБЫ 2023 жылдың 7 желтоқсан күні…

ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

2023 жылдың 7 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «ЖаҺандық құзыреттілік – уақыт талабы» атты білім ұйымдарының «Жаһандық құзыреттілік» курсын оқытатын мұғалімдерге арналған семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: мектеп педагогтеріне «Жаһандық құзыреттілік» курсын оқыту бойынша әдістемелік көмек беріп, мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытып теориялық білімдерін жетілдіруде және педагогикалық шеберліктерін арттыруда практикалық көмек көрсету. Әдістемелік орталық әдіскері Бағаналинова Раушан Болатқызы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезіндегі «Жаһандық құзыреттілік» бағытының ерекшеліктерімен таныстыра кетті. Қала мектептерінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу ретінде Мағжан М. С., Аргенова А. Е., Елембаева А. А., Сабанбай Д.М., Шонаева Н.Е сынды ұстаздарымыз семинарға белсенді түрде атсалысып, ашық сабақ пен тренинг өткізді. Барша семинарға келген ұстаздар қауымы сабақ жайлы жақсы пікір айтып, ұсыныстар білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *