АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМНЫҢ ТАРИХЫ
Бүгін 2023 жылдың 06 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейіне тарих апталығы аясында «Археология ғылымның тарихы» атты кездесу болып өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Мұражай қызметкері, Мәдени мұра институтының аға ғылыми жетекшісі, археолог Нұсқабай Әбдінұр Арғынбайұлы келіп өзі қазған қазба жұмыстарымен бөлісті. Елек сазы жерінен табылған Алтын адам туралы құнды мәліметтер айтты. Ерейментау жерінен табылған балбал тастармен таныстырып, қазіргі таңда аспан астындағы Мұражай екенін көрсетті. Сондай-ақ алдағы мамыр айында Ерейментау жеріне оқушыларымыз бен ұстаздарымызды экскурсияға шақырды.