ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН
2023 жылдың 01 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде "Жайдарлы Жасұлан" атты жайдарман ойыны болып өтті.
Көңілді тапқырлар ойынының мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізу, оқушыларды ізденіске, шығармашылыққа баулу ретінде жас дарынды оқушыларды анықтау. Әрі риясыз, шынайы күлкі өмірді ұзартып, айналаны ғажайыпқа бөлейді. Біздің балалар да бұл өнерден алыс емес. Байқау 5-7 сынып оқушылары арасында өткізіліп, 2 кезеңнен құралды. Топтың сәлемдесуі, «мектеп өмірі ең бақытты шақ» тақырыбында үй тапсырмасы. Ойында жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен және номинацияларман марапатталды. Командалық есеп нәтижесінде бас жүлдені 7 «Ә» сыныбының «Әзілкештер» квн командасы, І орынды – 7 «Ж» сыныбының «Жеңіс» командасы, ІІ орынды – 7 «Е» сыныбының «Алаш» командасы, ІІІ орынды – 6 «Е» сыныбының «Арыстандар» командасы иеленіп финалға жолдама алды. Сонымен қатар, Жайдарманның үздік ойыншысы 7 «Ә» сынып оқушысы Қалабай Нұрсұлтан, 7 «Ж» сыныбының оқушысы Серіков Ернұр мен Арнұр атанды. Сондай-ақ белсенді командаларды «Үздік Әзілкеш», «Үздік биші», «Сөз шебері» атты номинациялармен марапаттады. Финалға өткен командаларға СӘТТІЛІК тілейміз.