Skip to content

АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ Ербол Іргебай атындағы кабинетте өткен ақынмен кездесу 30…

АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ

Ербол Іргебай атындағы кабинетте өткен ақынмен кездесу
30 қараша мектебіміздегі Ербол Іргебай атындағы кабинетте ақын, “Күміс шық", «ТӘҢІРҚҰТ» жыр жинақтарының авторы, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «RUH.KZ» порталының Бас редакторы Арман Шеризатпен кездесу кеші өтті. 9 «Г» және 8 «В» сыныбының оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, 5-сынып оқушылары ақынның сөзіне жазылған Кентау Назарбектің «Ұстаздың ғана қолында» әнін шырқады. Кеште танымдық бейнежазбалар көрсетіліп, Ербол Ісләмұлы жайлы да естеліктер айтылды. Кеш қонағына оқушылар мектеп өмірі және ақындығы жайлы сұрақтар қойып, қызықты сұхбат жасады. Ақын белсенді оқырман оқушыларға және мектеп музейіне өз жыр жинағын тарту етті. Шара соңында Арман Шеризат өз туындыларын оқып, оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай оқуға тиіс авторлар мен кітаптар жайлы кеңес берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *