СӨЗ ШЕБЕРІ
Астана қаласы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында 2023 жылдың 28 қараша күні «Сөз шебері» қалалық шығармашылық жүргізушілер байқауының финалдық кезеңі өтті. Танымал жүргізушілер мен журналистер, бас редакторлар қазылық еткен байқауда Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Рамазан Әліби жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ қазылар алқасы Әлібидің өнерін ерекше бағалап, оның өз-өзін сахнада ұстауы мен дауыс тембрінің қатты ұнағанын айта кетіп, болашақта жақсы журналист болатындығын сөзге тиек етті. Көрермен ретінде барған оқушыларымыз да байқаудан керемет әсер алып, қуанышты көңіл-күйде кетті.