БАЛАСЫМЕН БАҚЫТТЫ АТА-АНА!
2023 жылдың 25 қараша күні, 6 және 9-сыныптардың ата-аналары үшін де "Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы", "Баланың басты ұстазы – ата-ана" және "Адалдық – атадан қалған мұра" тақырыбында жиналыс өтті. Өзара ой бөлісу форматында өрбіген басқосуда арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, отбасындағы үйлесім мен сыйластық, адалдық қасиет туралы ой айтылды. Сонымен қатар бүгінгі таңда бала тәрбиелеуде орын алатын кемшіліктер, оны шешу жолдары талқыға түсті. Түрлі әдіс-тәсілді қолданып, тренингті қызықты етіп өткізген ұстаздар арқасында ата-аналардың бір-бірімен жақын танысудың сәті түсті. Отбасындағы әке мен ананың рөлін ескере отырып, баланың жеке тұлға боп қалыптасуы, психологиялық, физикалық тұрғыдан дамуы, өзгелермен жақсы қарым-қатынас орнатудың, өмірге бейімделудің маңызы да сөз болды. Сондықтан ашық есік күніне қатысқандар тәлім-тәрбиедегі жарасым бірінші кезекте мектеп пен ата-ана бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана іске асатынын ұғынды.