Skip to content

ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ 2023 жылдың 24 қараша күні Әлкей…

ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ

2023 жылдың 24 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп – лицей кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Әдебиетіміздің қазіргі аспанын жарқыратып тұрған аяулы жұлдыздарымыздың бірі, ғажайып нәзік суреткер, тамаша журналист Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай жазушы шығармаларын сынып болып оқып және талданды. Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдыра білген Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» шығармасы – адамгершілікті насихаттайтын туынды. Оны кейіпкерлердің әрекеті, сөзі арқылы байқаймыз. Кейіпкерлердің бойынан ең жақсы қасиеттерді, тектілікті, тазалықты, адалдықты, табиғатты сүюдің көрінісін байқауға болады. Оралхан Бөкейдің осы тамаша туындысы «Кербұғы» шығармасын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тасболатова Айнагүлдің жетекшілігімен 8 «Ж» сынып оқушылары ортаға салып, талдады. Төлешов Ернұр, Ерназар Нұрбек, Абдужалил Асылай, Койшибай Адель, Болшайбек Нұрдәулет әңгімеден алған әсерлерімен бөлісті, өзара сұрақ-жауап ұйымдастырып, тақырыптың ашылуына атсалысты. Дисинбинов Аңсар кербұғының суретін салып, әңгімеден түсінгенін суретпен жеткізді. Табиғатты, табиғаттың әр бөлшегін құрметтеп, бағасын біреу туралы қорытынды ой ұсынды. Жалпы сынып Оралхан Бөкейдің "Тортай мінер ақ боз аты" мен "Кербұғысын" жақсы талдап, ары қарай да жазушының басқа да әңгімелерін оқып, өзара талқылауға мақсат қойған. Әңгімеден түйгендерін, кейіпкерге хаттарын өздері бастаған "оқырман күнделігіне" де жазып жүр екен. Оқуға құштар оқушыларға зейіндеріңіз ашылып, кітаппен дос бола түсіңіздер деген тілек айтамын. Оралхан Бөкей өз оқырманын ешқашан жоғалтпайтын жазушы, шығармаларының құндылығы да терең, соған бойлайтын оқырмандар көп болсын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *