АРАЙЛЫ, АЛТЫН КҮЗ
2023 жылдың 26 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде аналар мектебімен бірлесе жұмыс істей отыра 2 сынып оқушылары арасында “Арайлы, алтын күз” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға 9 сынып қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға күз мезгілінің кереметін, күз мезгіліндегі табиғат құбылысын, жылдың молшылық мезгілі екенін түсіндіру болды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара нәтижесінде: бас жүлдені 2 “Ж” сыныбы, жүлделі І орынды 2 “В" сыныбы, ІІ орынды 2 «З» сыныбы мен 2 “Д” сыныбы, ІІІ орынды 2 «Ә» сыныбы, 2 «Е» сыныбы және 2 «Г» сыныбы иеленді. Сайысқа қатысқан 2 “А” сынып оқушыларына қатысқаны үшін диплом берілді. Іс-шараға жауапты мұғалімдер: Іскендір Толғанай және Туматаева Толеугайша Кунапияновна