ОНЛАЙН ЭКСКУРСИЯ
2023 жылдың 24 қазан күні мектебіміздің музей меңгерушісі Сәуле Жұмабекқызы мен Гүлзат Мадиярқызының ұйымдастыруымен Абай облысы "Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі " КМҚК-ның Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы филиалдың басшысы Күзембаев Қайыржан Ғизатұлымен Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушыларына онлайн экскурсия жүргізілді. Экскурсияда
музей құндылығы мен ерекшеліктері, мұражай жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып өтті. Экскурсия барысында оқушылар түрлі сауалдар қойып, тарих туралы ақпараттарға қанықты.