САБАҚТАСТЫҚ – ТАБЫС КЕПІЛІ
2023 жылдың 24 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейіне сабақтастық мақсатында Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп-лицейінен ұстаздар келіп география, математика, ағылшын пәндерінен сабақтар өткізді. Математика пәнінен оқушыларға «Ой мен ойын» интеллектуалды ойыны өткізілді. Математикалық ойындар-баланың математикалық дағдыларын, дерексіз ойлауын және әлеуметтік дағдыларын жетілдірудің тамаша тәсілі ретінде оқушыларға түрлі ойындар өткізілді.
География пәнінен «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбында сабақ өтіп, Қазақстанның картасындағы елді мекендерді тауып, қызықты әдістер арқылы ойын өткізді. Сондай-ақ ағылшын тілінен де сабақ өткізіп, бір жағынан оқушылардың сабақ оқу тәсілдерін меңгеріп, мектептердің өзара сабақтастығы орнады.
Қазақ хандығы үстел ойыны қарапайым, бірақ қызықты ойын сізді қазақ халқының тарихындағы қызықты кезеңмен таныстырып, достарымен және сыныптастарымен жүздеген қызықты ойын-сауық уақытты өткізуге ұсынады. Қазақ хандығы ойынында әрбір ойыншының мақсаты – Қазақ руларын өз туының астына қарсыластарынан жылдамырақ біріктіру. Ойынға 2 ден 4-ке дейін қарсыластар қатыса алады. Киіз Үйді Ру Аумағына орналастырып, белгілі мөлшерде рулардың қолдауын бірінші болып алған ойыншы Жеңімпаз болады.