АҒАРТУ АПТАЛЫҒЫ
Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп – лицей кітапханасында «Артық білім кітапта…» ағарту апталығына орай, «Асыл қазынаның ардагері» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне мектеп кітапханасында көп жылдар еңбек еткен Қамбарова Балғайша Кәкенқызы қатысып, өзінің кітапханада жұмыс жасаған кездердегі қызықты әңгімелерін айтып берді, балалардың қойған сұрақтарына жауап беріп, балаларға кітап оқуға кеңес берді. Кеш соңында оқушылар да кештен алған әсерлері үшін ардагерімізге алғыстарын айтып естелік суретке түсті.