Skip to content

МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА 2023 жылдың 24 қазан күні Республика күніне орай…

МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕГАТА

2023 жылдың 24 қазан күні Республика күніне орай Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде математика пәні мұғалімдері Райся Жұмасейітқызы мен Ләззат Шалғымбайқызының ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылары арасында "Математикалық регата" сайысы өтті. Сайыстың мақсаты оқушыларды командалық, топпен жұмыс жасауға дайындау. Есептерді шешуде терең ойлауын дамытып, түсінігін кеңейту, жаңашыл көзқарасты болуға үйретіп уақытты ұтымды пайдалану. Бір-біріне сенім арқылы жетістіктерге бірлесіп жұмыс жасауға үйрету. Сайысқа жалпы төрт сынып қатысты. Оқушылардан күтілетін нәтиже: қилы есептерді шығаруда әр түрлі жолдарды іздеп, дұрыс әрі қысқа тәсілдерді табу. Сондай-ақ оқушылардың логикалық ой дәрежелерін дамыту. Сайыс қорытындысы бойынша жүйрік жас жеткіншек математиктер марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *