БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Бүгін, 2023 жылдың 24 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 25 – қазан Республика күніне орай 5-11 сынып оқушыларымен «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатының басты мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Сабақ соңында оқушылар республикаға байланысты өлең жолдарын оқыды.
Сондай-ақ мерекеге орай сынып жетекшілері сыныптарындағы мектеп өміріне белсене қатысқан оқушыларды дипломмен марапаттады.