БАЛА ДАУЫСЫ – 2023 БАЙҚАУЫ
2023 жылдың 23 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Республика күніне орай 1-4 сынып оқушылары арасында «Бала дауысы-2023» ән байқауы өткізілді. Мектеп оқушыларының орындау шеберлігі, дауыс ырғағы, сахна мәдениеті, музыка тазалығына мән берілді. Байқауда мектеп оқушылары халық әндерімен қатар заманауи әндерді орындады. Музыка пәні мұғалімдері Қабкенова Айнұр, Қайнар Қатпай, Ләйлә Болатқызы қазылық еткен байқауда 1-4 сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды 3 сынып оқушысы Тоқтарбай Шұғыла мен Нурхина Інжу, 4 сынып оқушысы Мамажан Амиржан, ІІ орынды 1 сынып оқушысы Анай Нұртөре және 3 сынып оқушысы Сейтбек Айсұлтан, ІІІ орынды 2 сынып оқушылары Оразалы Айман мен Дүйсенбай Нұрай иеленді. Сондай-ақ «Бала дауысы – 2023» байқауына қатысып «Үздік орындаушы», «Бұл-бұл дауысты» номинацияларымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!