Skip to content

ОТБАСЫ – ТӘРБИЕНІҢ ҰЯСЫ 2023 жылдың 21 қыркүйек күні, Әлкей…

ОТБАСЫ – ТӘРБИЕНІҢ ҰЯСЫ

2023 жылдың 21 қыркүйек күні, Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы өтті.
"Отбасы – тәрбиенің ұясы" тақырыбында өрбіген шарада көтерілген бірінші мәселе – 2023-2024 оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау. Бұл ретте мектеп директоры Үйсімбаева Сәуле Амангелдіқызының сайлауды көпшілік алдында ашық, әділ дауыс беру арқылы өткізейік деген ұсынысы бірауыздан қолдау тапты. Осылайша, көпшіліктің ұсынуы, қолдауы нәтижесінде кезекті оқу жылында Битенова Жанат Мұхаметжанқызы ата-аналар комитетінің төрайымы болып қайта сайланды.
Жиналыста қозғалған екінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы биылғы оқу жылындағы ерекшелік: біртұтас тәрбие бағдарламасының үш құндылығына тоқталып, мән-маңызын егжей-тегжейлі баяндады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселені қаузаған – Қайыпназарова Гүлзат Мадиярқызы. Сынып жетекші "Позитивті ата-ана мәдениетін дамыту" тақырыбында баяндама жасады.
Басқосудағы төртінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы сөз сөйлеп, оқушылардың ішкі тәртіп ережелері турасында жалпылама ақпарат берді.
Акт залында өткен шара соңында ата-аналарымыз өздерін қызықтырған сауалдың жауабын алып, мектеп ұжымына, мектеп әкімшілігіне алғысын білдірді. Ал қозғалған 4 мәселе бойынша арнайы мектеп қаулысы қабылданып, ата-аналар да осыны ескере жүрсін деген ұсыныс айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *