МЕНІҢ ОТБАСЫМ СЫЙЛАСТЫҚ ОРТАСЫ
2023 жылдың 15 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде отбасы күніне орай «Менің отбасым сыйластық ортасы» тақырыбында мектеп психологтарымен дөңгелек үстел болып өтті. Аталған іс-шараға 10 "Ә" сынып оқушылары қатысты. Мектеп психологтары оқушыларға арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіп, отбасы туралы сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға оқушылар өз ойларын еркін білдіре алды. Топтарға бөлініп отбасы жайлы нақыл сөздер мен жеке пікірлерін айтты.
#отбасыапталығы
#bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq