Skip to content

“ТІЛ ДЕГЕН АЛЫП МҰХИТ, ТҮБІ ТЕРЕҢ” АТТЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ…

"ТІЛ ДЕГЕН АЛЫП МҰХИТ, ТҮБІ ТЕРЕҢ" АТТЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ

2023 жылдың 15 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде тілдер апталығы аясында 5-7 сынып оқушылары арасында "Тіл деген алып мұхит, түбі терең" атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, ой – мазмұнын бағалай отырып, балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген мәнерлеп оқу сайысы мемлекеттік әнұранды орындаудан бастау алды. Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі сайыс барысында ескерілді. "Тіл", "Отан", "Туған жер" тақырыптарында өлең шумақтарын жатқа оқыған мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды 6 "В" сынып оқушысы Жаңабекұлы Ханкелді, ІІ орынды 6 «Е» сынып оқушысы Байзақ Мадина, І орынды 6 «Ж» сынып оқушысы Болат Ақмарал иеленді. Ал қалған сайысқа қатысушылар арнайы әзірленген алғыс хаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *