Skip to content

ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ 2023 жылдың 13 қыркүйек күні оқушылардың құқықтық…

ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ

2023 жылдың 13 қыркүйек күні оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру және жасөспірімдерді қылмыстық әрекеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларымен аймақтық инспектор Бимжанов Даурен Талғатұлымен кездесу өтті. Аталған кездесуде оқушыларға қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы орын алатын
қылмыс түрлері айтылып сақтық шаралары таныстырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік берілді. Сондай-ақ кездесу барысында түнгі уақытта жүрмеу,сабақты себепсіз босатпау,бейтаныс бөгде адамдармен байланыста болмау керектігі,буллинг, әлеуметтік желіде аса сақ болу сияқты мәселелер айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *