Skip to content

БЕЙІМДЕЛУ КҮНДЕРІ Мектебімізде оқушыларды жаңа оқу жылына бейімдеу мақсатында әр…

БЕЙІМДЕЛУ КҮНДЕРІ

Мектебімізде оқушыларды жаңа оқу жылына бейімдеу мақсатында әр бірлестік мұғалімдері үлкен үзілісте оқушыларға қызықты ойындар өткізіп, бағыт-бағдар беруде. Аптаның бірінші күнін тарих бірлестігі бастап, викториналық сұрақтар қойып, оқушылардың білімдерін нығайту ретінде танымдық ойындар өткізілді. Аптаның екінші күнін қазақ тілі бірлестігі пән бойынша қызықты тапсырмалар беріп, қосымшалар арқылы ойын өткізді. Ағылшын бірлестігі сөздер мен сөйлемдерді дұрыс табу мақсатында оқушыларға суреттер таратты.Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға тәтті кәмпиттер мен көңілді смайликтер таратылды. Оқушылар әр тапсырманы қызыға да тамсана орындап, көтеріңкі көңіл күйде кетті.
#бейімделукезеңі
#bilimastana

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *