Skip to content

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК! Бүгін 2023 жылдың 22 маусым күні…

ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!

Бүгін 2023 жылдың 22 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде жалпы орта мектеп курсын бітіру аттестатын тапсырудың салтанатты жиыны болып өтті.
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясымен,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр – демекші, 35 оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Салтанатты жиында мектеп директорының міндетін атқарушы Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы барша оқушыларды бүгінгі ерекше мереке жалпы орта білім туралы аттестат құжатын алуларымен, мектепті бітіру кешімен құттықтап, алдағы ҰБТ-ден жоғары балл жинап, үлкен өмірлеріне ақ жол тіледі. Мектеп табалдырығындағы өмірлері аяқталғанымен, білім алу жолында әрі қарай даму, еңбектену керектігін сондай-ақ жаңа Қазақстанның болашағы жасампазда, жаңашыл, білімді жастардың қолында екенін айтып түлектерге сәттілік тіледі. Салтанатты жиын соңында "Мектеп туын көкке ұстау аманат" деп аманат тапсыру рәсімі де болып өтті. Аманат тапсыру рәсімін мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Құрманғалиев Қайыргелді Мирашұлы жүргізді. Ата-аналар атынан сөз алған Черхан Гүлғайша барша ұжымның ұстаздарына алғысын білдіріп, биылғы мектеп түлектеріне зор сенім білдіретіндігін айтты. Арайлы Астанамыздың 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған бұл шара ұстаздар мен оқушылар есінде мәңгілік қалатыны сөзсіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *