Skip to content

ЖАСЫЛ МЕКТЕПТІ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз.…

ЖАСЫЛ МЕКТЕПТІ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ

«Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Табиғат адам баласына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір өсімдікті сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі»!
Табиғат тарту ет¬кен ғажайып сыйларын таптамай, баптап көбейтуге тырысудың өзі салмақты іс деп санаймыз. Осы орайда мектебімізде оқушыларды тек білім нәрімен сусындатпай, мектебімізді көркейтуге баулып, бейімдеу жұмыстарыда жүргізіліп келеді. Сондықтан да тұмса табиғаттың тілін тауып, тал егуде ептілік таныта білсе, Жер-ана да жомарттығын жасайтыны хақ. Биыл мектебімізде жаз айы басталғалы көкалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде атап айтар болсақ мектеп ауласына 70 түп алма ағашы, 30 шие ағашы, 30 түп сирен(жұпар гүлдер), 15 түп хош иісті акация ағашы, сондай-ақ 5000 мың түп Шырайгүл (петунья) гүлдері егіліп қазіргі таңда күнделікті бапталуда. Сонымен қатар мектебіміздің технология пәні ұстаздарының бастауымен мектеп ауласына қияр,қырыққабат, сәбіз,асқабақ,қызанақ,қияр сияқты көкөністер тұқымы егілді. Қазіргі таңда егілген өсімдіктер мен ағаштарды Жасыл ел жұмыс тобының оқушылары күнделікті баптап,керексіз шөптерінен тазалап, мөлшерінше суару жұмыстары жүргізіп келеді. Табиғатымызды аялап,оған қамқор болу, жасыл желекті көбейтіп, баптау жарқын болашағымыздың кепілі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *