ЛАГЕРЬ ҚЫЗЫҚТАРЫ
Бүгін лагердің үшінші күні, әдеттегідей оқушыларды қарсы алып, лагерь ережелері мен міндеттері айтылды. Топ ережесі құрылды. Сонымен қатар топ жетекшілері оқушыларды қауіпсіздік ережелермен таныстырды. Бүгін демалушыларымыз «Алатау» спорт комплексіне саяхатқа барды. Жаздың сәні суға шомылу екенін жақсы білетін оқушылар арнайы балалар бассейініне шомылып,ерекше көңіл-күйде болды. Саяхаттан оралған соң оқушыларымыз мектеп ауласынды спорттық сайыс және сурет салу байқауларына қатысып қызықты лагерь күнінің сәнін келтірді. Сонымен қатар «Алатау» спорткомплексіне автобуспен барып келуге демеушілік жасаған белсенді ата-анамыз Есеева Нурсулу Шамшидиноваға үлкен алғыс айтамыз!#летовдопобразовании2023, #жаз_қосымшабілімберу2023, #Zhazqosymshabilim2023
