РУХАНИ САЯХАТ
Бүгін 2023 жылдың 7 маусым күні мектебіміздің «Экопатруль» экологиялық тобының оқушыларымен Астана қаласы әкімдігінің Саяси қуғын –сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражай кешеніне рухани саяхат жасады. Саяхатта оқушылар қазақ зиялы қауым өкілдерінің ел үшін жасаған еңбектері,қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары, сондай-ақ Алжир әйелдер лагерінің азапты күндері туралы деректерді білді.Мұражайда сақталған қиын қыстау заманнан қалған жәдігерлермен танысып тарихқа шолу жасады. Сонымен бірге арнайы бейнеролик тамашалап оқушылар мұражайдан алған әсерлерін толқыныспен жеткізді.
