Skip to content

ӘКЕЛЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ 202З жылдың 01 маусым күні Әлкей…

ӘКЕЛЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ТУРНИРІ

202З жылдың 01 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде мектебіміздің әкелері мен 10 сынып оқушыларынан құралған футбол турнирі болып өтті.
Турнир мақсаты ата-аналар арасында тығыз байланыс орнату, салауатты өмір салтын насихаттау, ата-аналарды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту. Қызықты да,тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша әкелер футбол командасы жеңіске жетті. Сонымен қатар ойын барысында шеберліктерін көрсетіп, әділқазылар мен көрермен көңілінен шыға білген ойыншыларға номинациялар берілді. Өткізілген футбол жарысы ата-аналардың да, оқушылардың да көңілінен шығып, алдағы уақытта да осындай бағыттағы жарыстар көптеп ұйымдастырылатын болады. Турнирдің өтуін ұйымдастырып, әділ төрелік жасаған мектебіміздің денешынықтыру бірлестігіне алғыс айтамыз. Жеңімпаз әкелерді құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *