ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІ – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ
2023 жылдың 25 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасының Рәміздері – Ұлттық Мақтаныш" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға 5 – сынып оқушылары қатыстырылды. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру, рәміздердің маңыздылығын ұғындыру. Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу ретінде дөңгелек үстел арқылы олардың көзқарастары мен ойларын біле алдық.