ТҰЛҒАЛАР ҮНДЕСТІГІ
2023 жылдың 19 мамыр күні Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Әлкей Марғұлан Хақанұлының туған күніне орай «Тұлғалар үндестігі» атты патриоттық сағат болып өтті. Іс-шараға 5 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар атақты археолог ғалымның өмірі мен шығармашылығына, достарына жазған хаттарына тоқталып, Ғ.Қайырбековтың ғалым туралы жазған өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ мектебіміздегі музейдің пайда болу тарихына да қысқаша тоқталып өтті. Іс-шара соңы 5 "В" сынып оқушыларының домбырадағы күй орындауымен аяқталды.