ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
2010-2017 жылы туған жасөспірімдер арасында 46 салмақ дәрежесінде ДЗЮДОДАН «MAULENIN center» біріншілігінде Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі 6 «Ж» сыныбының оқушысы Сериков Ернұр жүлделі І орынға ие болса, сыңары Сериков Арнұр ІІ орынға ие болды. Сондай-ақ
Kaz-Turan Sport клубының «1 маусым – Балаларды қорғау күні» атты ArtSport клубтары арасындағы ашық қалалық турнирінде 55 келі салмақ дәрежесінде мектебіміздің 7 «Ж» сынып оқушысы Ерназар Нұрбек жүлделі І орын иегері атанды. Жеңімпаз оқушыларымызды мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Қайрат Сиражиденұлы құттықтап медальдарын табыс етті. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!