Skip to content

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ Бүгін 2023 жылдың 2 мамыр күні Әлкей…

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін 2023 жылдың 2 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп- лицейінің директоры Ж.Б.Сағынтайұлы мектебіміздің қалалық байқаулардан жүлдегер атанып мектеп абыройын асқақтатып жүрген жеңімпаз оқушыларды қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Оқушыларымыз жылда Білім басқармасының қолдауымен өткізіліп келе жатырған "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар мен экологтар және натуралистердің қалалық форумына қатысып "Жасыл ел" бағыты бойынша Шаяхмет Аружан 1 орын, "Жасыл oazis "бағыты Есенбек Салтанат 2 орын, "Экотеатр" бағыты Қалабай Нұрсұлтан,Тоқтақасым Жарқынай және Жақсылық Алихан жүлделі 3 орынды иеленген болатын. Мектеп директоры оқушыларға алдағы республикалық кезеңге сәттілік тілеп, болашақ еліміздің жас өрендері екендіктерін айтып,ізденіспен жаңашылдық,оқумен білім жолында ізденуден талмау керек екендігін айтып болашақтарына шығармашылық табыс тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *