Skip to content

КӨКТЕММЕН БІРГЕ КЕЛГЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШІ 2023 жылдың 6 наурыз күні…

КӨКТЕММЕН БІРГЕ КЕЛГЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШІ

2023 жылдың 6 наурыз күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Көктем ризашылығы» атты қайырымдылық балы өтті. Елордалық мектепішілік және студенттік парламент көшбасшылары ұйымдастырған қалалық деңгейдегі шараға Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінен 9-сынып оқушылары Әбдуәлі Нұрдәулет пен Сансызбаева Айнұр қатысты. Айта кетейік, қайырымдылық балын ұйымдастырудағы басты мақсат – адамзатқа ортақ құндылықтарды: достық, адамгершілік, мейірімді дәріптей отырып, жастардың қайырымдылыққа жақын болуына, бір-біріне, тұтас қоғамға жанашырлық танытуға бағыттау. Таңғажайып кеште полонез, вальс биі орындалып, «Астана кеші», «Көктем вальсі» секілді әндер шырқалды. Ал бұл шарадан жиналған қаражат Түркиядағы жер сілкісінен зардап шеккен жандарға арналған арнайы AFAD шотына аударылмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *