КӨКСЕРЕК
Бүгін 2023 жылдың 10 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінде 7-сынып оқушылары арасында Мұхтар Әуезовтің "Көксерек" әңгімесін талдап, сайысқа түсті. Сайыс суретті талдау, жарнама жасау, қасқырдың атынан монолог жазу сияқты тапсырмалардан құралды. Оқушылар шығарманы түсініп оқығандарын дәлелдеп, ой-түйіндерін ортаға салды. Сайыс соңы сұрақ-жауап ретінде аяқталды.