Skip to content

«ҰЛ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» атты ұлдар жиналысы 2023 жылдың…

«ҰЛ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» атты ұлдар жиналысы

2023 жылдың 25 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 5-11 сынып оқушыларымен «Ұл тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі» атты ұлдар жиналысы өтті. Жиналыс алдымен 5-7 сынып оқушыларымен ,одан әрі 8-11 сынып оқушыларымен өтті. Жиналыстың күн тәртібі бойынша бірінші сөз алған директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Қ.Атчибаев «Ұл бала тәрбиесі – жауапты іс» атты баяндамасын оқып, қазақ халқының ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгенін, ұл бала болашақ елдің тірегі екендігін айтып қазіргі қоғамда ұл балалардың өзін ұстау мәдениеті,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету керек екендіктері жөнінде әңгімеледі.Сондай-ақ мектепішілік тәртіпті сақтау,зиянды нәрселерге әуес болмау, сабақтан кешікпеу, мектеп мүлкіне құрметпен қарау сияқты мәселелерді айтып өтті. Сонымен бірге ұл балдардың он күндігі аясында өткізілетін іс-шара жоспарын таныстырып,оқушылар арасынан ұл балдар ұйымын құрып мәдени-спорттық іс-шаралар өткізуге ұлдарды тарту керектігін айтты. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектебіміздің құқықтық менеджері Г.Кабарұлы мектеп оқушылары арасындағы әлеуметтік желі қауіпсіздігі« Кибербуллинг» бойынша арнайы слайдпен таныстырып, оқушыларға әлімжеттік туралы бейнероликті ұсынды.
Г. Кабарұлы оқушыларға әлеуметтік желіде абай болуы керектігі, бейтаныс топтарға тіркелмеу керектігі, әлеуметтік желі ойындарында танымайтын адамдармен араласып,жеке құпия ақпараттарды бермеуді ескертті. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде жасырын топтардың көп ашылып жатқандығы, ондай күдікті топтарға қосылмау керектігі, пікір білдірмеу керек екендігін айтты.Сондай-ақ электронды сигарет мәселесіне тоқталып,оның зиянды тұстарын тағыда еске салды. Жиын соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс, пікірлері тыңдалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *