ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫНДА – АСҚАР ТАУДАЙ ӘКЕЛЕР
Қазақ халқы ұрпақ өсіруде әкелер тәрбиесі әрдайым маңызды деп білген. Өсіп келе жатқан ер-жігіттердің бойында патриотизм, намысты өшірмей, керісінше, күшті, дені сау ұрпақ боп өсуге бағытталған шараның бірі – 21-22 қаңтар күндері волейболдан әкелер арасында өткен қалалық жарыс. "Күшіміз бірлікте" тақырыбымен өткен спорт сайысына Әлкей Марғұлан мектебінің әкелер командасы да жолдама алды. Негізгі мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, әке мен бала арасындағы үндестікті үзбеу, әкелердің қоғамдағы белсенділігін арттыру. Тартысты ойын елордалық #18, #72, #93 мектеп-лицейлерінде өтті. Біздің мектептің әкелер қауымының алғашқы ойыны #72 мектепте өтті. Аталған жарыста Әлкей Марғұлан мектебінің әкелер қауымы үздіктер қатарынан көрініп финалға жолдама алды. Ал жалпы финалға Астана қаласының #40, 72, 76, 93, 86, 66 мектептері өтті. Осылайша волейбол көрігін қыздырған спортқұмар әкелердің ойыны қызықты, тартысты өтіп, нәтижесінде үздік командалар марапатталды.