Skip to content

ОТБАСЫ ТӘРБИЕНІҢ БАСТЫ ҰЯСЫ 🔶Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Отбасы…

ОТБАСЫ ТӘРБИЕНІҢ БАСТЫ ҰЯСЫ

🔶Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Отбасы тәрбиенің басты ұясы» атты жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

🔸Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу менеджері Ғарифолла Қабарұлы кибербуллинг (буллинг) тақырыбында сөз алып, аталған тақырып бойынша ақпарат беріп, қазіргі жас буын арасында белең алып тұрған кибербуллинг мәселесі бойынша ақпарат беріп өтті. Ата-аналарға балаларының ұялы телефондарын қадағалап, баламен жиі сөйлесу керектігі жайлы айтты. Егер де ата-аналардың құқық бұзушылық жайлы сұрақтары болса арнайы байланыс телефондарына хабарласуға болатынын да сөзге тиек етті.

🔸Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы 2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысы бойынша жарты жылдық есебіне тоқталып, мектеп оқушыларының жеткен жетістіктері мен қатысқан іс-шараларын айтты. Баланың телефонын қадағалап отыру үшін, арнайы қосымшалар бар екендігін айтып өтіп, жүктеп алуға ұсыныс білдірді. Ол қосымша арқылы баланың қандай ойындарды жүктеп, қайда отырғаның көруге болатындығын да айтып өтті. Жиналыс соңында ата-аналар мектеп директорына сұрақтарын қойып, сәйкесінше толымды жауап алды.

🔸Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Оқу мен тәрбие – білім берудегі негізгі алғышарт» тақырыбы бойынша ата-аналарымыз 1-4, 5-11 сыныптардың пән мұғалімдерімен жүздесіп, сабақ үлгерімдері жайлы пікір алмасу түрінде жалғасын тапты. Аталған секциялық отырыста пән мұғалімдері тарапынан оқушылардың білім сапасы мен сабаққа қатысуы бойынша кеңінен ақпарат берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *