Skip to content

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ 🔶2023 жылдың 18 қаңтар күні Әлкей…

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

🔶2023 жылдың 18 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында жоғары оқу орындарының мамандарымен кездесу болып өтті. Кездесуге мектебіміздің 2022 жылғы түлектері, қазіргі таңда Сулеймен Демирел Университетінің (СДУ) 1 курс студенттері атанған Мейрамұлы Ерсайын, Амантаева Жансая және Кусайнова Дильназ келіп таныстыру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға университеттің ішкі бейнесін, оқу ақысы, білім сапасы, мамандықтардың ерекшеліктері және т.б пайдаға асарлық деректерді айтты.

🔶Жоғарғы оқу орнында студенттердің ағылшын тілінде сабақ алып, сол тілде сөйлесіп, практика жүзінде шет тілін тез меңгеріп кетуге болатындығын айтып өтті. Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығын бөліскен түлектер өз оқып жатқан факультеттерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін де жасырған жоқ. Оқушыларға мотивация ретінде Қазақстандағы жетекші болып тұрған университетттердің біріне түсу үшін қазірден бастап білім деңгейлерін жоғарылатуды ұсынды.

🔶Сондай-ақ, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері де келіп өздерін таныстырды. Оқушылардың таңдау пәндерін білу үшін тест сұрақтарын қойып, қандай пәндерді дұрыс таңдау керектігі жайлы мәлімет берді. Кездесуге қатысқан әрбір оқушы өздеріне ұнаған мамандықтары бойынша бірнеше сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *