БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
2022 жылдың 20 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен бастауыш сыныптар қауымдастығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныптың математика сабағында күрделі тақырыптарды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар болып өтті. Семинар мақсаты: бастауыш сыныптың математика сабағында күрделі тақырыптарды оқытуда кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдарын, тиімді әдіс-тәсілдерді практикалық тұрғыда көрсету. Семинарға Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінің және қала мектептерінің ұстаздар келіп қатысты. Семинар соңында спикер ұстаздарға алғыс хаттар берілді.