БИІК ҰСТА ҚАШАНДА ЕР ҰҒЫМЫН
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кезекті байқауда Әлкей Марғұлан мектебі жеңіске жетті. Мәселен, әкелер мен жасөспірімдер арасында өткен «Рахмет саған, туған ел!» IV қалалық патриоттық әндер байқауына мектебіміздің ер-жігіттері қатысып, ән шырқап, көрермен көзайымына ие болып, «Елім деп соққан жүрегім» номинациясына лайық деп танылды. Әкеге қарап өсетін намысты, абыройлы, жігерлі, ақылды ұлдар көп болсын! Өйткені болашақта ел тізгіні – оларға аманат.