Skip to content

КЕУДЕДЕ НАМЫС ОТЫ МЕН «ЖАС ҚЫРАН» ТӨСБЕЛГІСІ ЖАРҚЫРАЙДЫ Еңселі егемендіктің…

КЕУДЕДЕ НАМЫС ОТЫ МЕН «ЖАС ҚЫРАН» ТӨСБЕЛГІСІ ЖАРҚЫРАЙДЫ

Еңселі егемендіктің 31 жылдығы қарсаңында мектебіміздің ең жас білімпаздары – 1-сынып балалары «Жас қыран» оқушылар ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Осылайша, 231 жас шәкірт көк аспанымызда қалықтаған еркіндік символы – қыран құс бейнеленген төсбелгіні кеудеге тағып, ұйым мүшесі атанды. 1 «А» сыныбы – Мәншүк Маметова, 1 «Ә» сыныбы – Әлия Молдағұлова, 1 «Б» сыныбы – Ыбырай Алтынсарин, 1 «В» сыныбы – Бауыржан Момышұлы, 1 «Г» сыныбы – Қаныш Сәтпаев, 1 «Д» сыныбы – Шоқан Уәлиханов, 1 «Е» сыныбы – Ғабит Мүсірепов, 1 «Ж» сыныбы – Бейімбет Майлин, 1 «З» сыныбы – Мағжан Жұмабаев сынды ұлт жанашырларының есімін топ атауы етіп алып, топ басшылары жиынға қаншалықты әзір екенін көрсетті. Мемлекеттік әнұран орындалған соң, «Біз Әлкей Марғұлан атындағы «Жас қыран» оқушылар ұйымының мүшелігіне салтанатты түрде ене отырып, өз жерімізді, елімізді, халқымызды қорғауға, мәдениетін, ана тілін қастерлеуге, жақсы оқуға ант етеміз» деп ант берді. Отанымыздың болашақ қорғаны, болашақ жалынды жастарына төсбелгіні салтанатты жағдайда акт залында табыстағандар: мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы, Есіл Жұмагүл Балтабайқызы, Нұргүл Хаздайқызы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы.
Шара соңы білім ордасының басшысы Базыл Жанкелді Сағынтайұлының балдырғандарға деген құттықтауымен, «оқуда үздік болыңдар» деген ақ пейілді тілегімен түйінделді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *