ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНДАРЫ
🔸Бүгін 2022 жылдың 3 желтоқсан күні Әлкей марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай және «Балалар жылы» аясында мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз елдің ұландары» атты шағын футбол турнирі өтті.
🔸Турнир мақсаты оқушылар бойына патриоттық сана қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру сондай-ақ ұйымшылдыққа, достыққа баулу болып табылады.
🔸Жалпы турнирге 8-9 сыныптарынан құралған 8 команда қатысып бақтарын сынады. Тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 8 "Г", "Ж" сыныптарынан құралған «Жас қыран» командасы, ІІ орынды 9 "Ә", "Е" сыныптарынан құралған «Көкжалдар» командасы, ал жүлделі ІІІ орынды 8 "Д", "Е" сыныптарынан құралған «StaryS» командасы жеңіп алды.
🔸Сонымен қатар ойында үздік деп танылғын оқушылар "Үздік қақпашы"," Үздік шабуылшы", "Үздік ойыншы" сияқты номинациялар бойынша марапатталды.
🔸Турнирдің өтуін ұйымдастырып, әділ төрелік жасаған мектебіміздің денешынықтыру бірлестігіне алғыс айтамыз. Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!