ЖАЙДАРЛЫ ЖАСҰЛАН
2022 жылдың 25 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 5-7 сыныптар арасында балалар жылына орай "Жайдарлы Жасұлан" жайдарман тапқырлар ойыны болып өтті. Кеш шымылдығын мектебіміздің жас әрі талантты "Саянұр" дуэті ашып берді. Ойын Сәлемдесу мен "Үй тапсырмасы" кезеңдерінен тұрды. Ойын барысында балалар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, сахнада өздерін еркін сезіне білді. Жайдарман тапқырлар ойынында оқушылар балалар жылына орай жас ерекшеліктеріне сай астарлы да мәнді әзілдер айтып, көрермендерге жағымды көңіл-күй сыйлай алды.
Жайдарман ойыны қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды 7 "Г" сыныбының "Күлкі-Time" құрама командасы мен 7 "Е" сыныбынан құралған "Жас – Қыран" командасы, ІІ орынды 7"Д" сыныбының "7 ата" командасы мен 7 "Б" сыныбының "Замандастар" командасы ал, жүлделі І орынды 6 "Ә" сыныбының "Әзілкештер" командасы қанжығаланды. Ойында ерекше өнер көрсетіп "Үздік ойыншы" атағын 5 "Е" сыныбынан Байзақ Мадина, 6 "Ә" сыныбынан Қалабай Нұрсұлтан иеленді.