КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ КҮНІ!
Бүгін, 2022 жылғы 1 қараша күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Балалар жылы аясында тағы бір спорт жарысы ұйымдастырылды. Күзгі демалыс уақытын пайдалы өткізуді мақсат еткен шараға мектепішілік «Жас эколог» , «Жас информатиктер», үйірмелеріне қатысып жүрген және 5-7 сынып оқушыларынан бір топ белсенді орта буын оқушылары қатысты. Спорттық бағдарлау жарысы аясында қатысушыларға Қ.Атчибаев алдымен ойын шарты түсіндіріп, толық мәлімет берді. Бағдарлау ережесіне сәйкес оқушылар арнайы мектеп картасы бойынша, жасырылған сұрақтарды іздеп тауып, ондағы логикалық сұрақтарға жауап берді.Бұл жерде басты мақсат та сол – оқушылардың интеллектуалды білімін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, шапшаңдыққа,тез ойлауға,зияткерлікке тәрбиелеу.
Қызықты да,тартысты, өткен бағдарлау жарысы нәтижесінде ұлдар арасында І орын – Орынқұл Дарын (5 «Е»), ІІ орын – Рахимов Алихан (5 «Ж») және ІІІ орын – Шералиев Бейбарыс (5 «А»). Қыздар арасында жеңіс тұғырынан көрінгендер: І орын – Байзақ Мадина (5 «Е»), ІІ – Қозыбағарова Жанеля (5 «Д») және ІІІ орын – Зарлықова Аружан (5 «А») иеленсе, ал 7 сынып ұлдары арасында І орын Камалов Ернұрға, ІІ орын Смагулов Арсенге, ІІІ орын Сакен Алдиярға бұйырды. Қыздар да ер-жігіттерден қалыс қалмай, бірінші болып жетуде аянып қалмады. Осылайша І орынға Уәли Гүлімхан, ІІ орынға Мұрат Айым, ІІІ орынға Арыстан Нұргүл жеңіске лайық деп танылды. Күзгі демалыс уақытын көңілді өткізіп, өзара тату, ұйымшыл болған жарыс қатысушыларына алдағы уақытта да сәттілік тілейміз. Ұлт болашағы – дені сау, ақылды да білімді жастар қолында!Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!