Skip to content

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл балалар…

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл балалар жылы деп жариялағаны белгілі, осы орайда қала көлемінде түрлі іс-шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылып келеді. Осындай жарыстардан мектебіміздің оқушылары да қалыс қалмай өздерінің сүйікті спорттық секцияларынан жүлделі орындар иеленіп жүр. Оқу тоқсанының соңғы күні мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасары Қайрат Сиражиденұлы спортта жолы болып жеңімпаз атанған оқушыларды жеңістерімен құттықтап, медальдарын табыстады. Атап айтар болсақ, Қазақ күресінен Барыс аула клубының біріншілігінде топ жарып жүлделі І орынды иеленген 6 "Ж" сынып оқушысы Серіков Ернұр және аталған жарыстың ІІІ дәрежелі дипломын иеленген 6 "Ж" сынып оқушысы Серіков Арнұр, сондай-ақ Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық бокс турнирінен жүлделі І орын иеленген 6 "Ж" сынып оқушысы Эрканбаев Тимур. Жауынгерлік клуб жекпе-жек спортының ашық біріншілігінен жүлделі ІІІ орын иеленген 6 "Ж" сынып оқушысы Әбдеш Төле би марапатталды. Жас чемпиондарымызды құттықтай отырып, болашақ еліміздің абыройын асқақтатар намысты азаматтары болыңдар деген тілек білдіреміз! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *